Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері жабылады
Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері жабылады
135
оқылды
2020 жылдың 1 желтоқсанында Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері жабылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өткізу пункттері 2020 жылдың 2 желтоқсанында штаттық режимде жұмыс істей бастайды. МКК тасымалдаушылардан жоспарларын аталған шектеулерді ескеріп үйлестіруді сұрайды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін комитетте экспорттаушылардың Қытай тарапымен келісімшарттық міндеттемелерін қайта қарау қажеттігі туралы айтылған болатын.