«Қазақстандық ару жеңіске жетті» деген сұлулық байқауының соңы неге дауға ұласты?
«Қазақстандық ару жеңіске жетті» деген сұлулық байқауының соңы неге дауға ұласты?
5,095
оқылды
Қазақстандық ару Арайлым Ишахат Miss Virtual World - 2019 байқауында жеңімпаз атанып еді.

Әлеуметтік желі арқылы дауыс берудің соңы дауға ұласты.

Көпшілік дауыс беруде әділетсіздік орын алды деп байқауды ұйымдастырушыларды сынап жатыр.

Қыркүйекте Miss Virtual Kazakhstan 2019 финалына тек 10 қыз өткен. Ал республикалық деңгейдегі атақ 21 жастағы Арайлым Ишахатқа табысталған болатын.

Содан кейін бойжеткен халықаралық байқауда бағын сынады. Сұлулық сайысына 20 елден үміткер қатысты. Байқаудың бас сыйлығы тек тәж емес, Porsche 718 Cayman S спорткары болған.

Miss Virtual World финалы мексикалық Канкун қаласында өтті.

Іс-шара барысында Арайлым интернет-дауыс беру бойынша жеңімпаздардың қатарында болды.