Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Адамзаттың ең маңызды мақсаты

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 1, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
Назарбаев
238
қаралым

Ерте ме, кеш пе, ядролық қарудан азат әлем орнығады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық жиын қа­тысушыларына бейнеүндеуінде осылай мәлімдеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты бірлесіп, жаһандық ядролық диалогті қайта бастауға арналған халықаралық онлайн конференциясын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – Елбасының 2019 жылғы қарашада, Астана клубының 5-отырысы барысында жария еткен бас­тамасын ілгерілету. Сол отырыста Н.Назарбаев ядролық қауіпсіздікті қолдайтын және ядролық қарудан азат әлемнің Жаһандық көшбас­шылар альянсын (ЖКА) құру идеясын ұсынған-тын. Кешегі үндеуінде Тұңғыш Президент адамзаттың бойына сенім құя сөйледі.

– COVID-19 пандемиясы жаһанды дағдарысқа ұшыратты. Әйтсе де, адамзат өз тарихында мұндай ауқымды сын-тегеурін­дермен бұрын да кездесіп, ұдайы жеңіп келді. Халықаралық қауым­дастық бұл стресс-тестті де ең­серіп, жеңімпаз шығарына се­нім­дімін, – деді Елбасы.

Ол Қазақстан Президенті бол­ған шақта сыртқы саясаттағы жұ­мысының үлкен бөлігін ядролық қа­рудан азат әлем идеясын іл­­ге­рілетуге арнағанын жеткізді және мұның себептерін түсіндірді.

Елбасының атына Nur Otan партиясының жеңісіне орай бірнеше елдің басшыларынан құттықтау хаттар келіп түсті

Хаттар мен жеделхаттар

Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

– Қазақстан ядролық қару сы­­нағының қандай қайғы-қасірет әкелетінін өзі сезінген мемлекет. Семейдегі полигон салдарынан 1,5 миллионға жуық отан­дасымыз зардап шекті. Менің Жарлы­ғыммен әлемдегі ең ірі поли­гондардың бірі 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Бұл шешім ядролық сынақтарға заңды түрде тыйым салған адамзат тарихындағы тұңғыш шешім бола­тын! Кейін басқа мемлекеттер де өз полигонын жапты. Осылайша, менің елімнің үлгісін басқа елдер қабылдап, бұл бастама жаһандық сипатқа ие болды. Сонымен қатар бұл шешім 1996 жылы барлық мемлекетке ядролық сынақтарға жаппай тыйым салған жаһандық келісімге негіз бол­ды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Елбасы жаппай қырып-жою қаруларына қарсы күрес оңайға соқпайтынына тоқ­талды. Көптеген мемлекет ядролық қаруды қорға­ны­сының ұстыны деп есеп­тейді.

– Рузвельт айтқандай, «Істеген ісіңе шын сенгенің – шаруаның жартысын еңсергенің». Осы орайда, ядролық қауіп­сіздік пен ядролық қарудан азат әлем үшін Жаһандық көшбасшылар альянсын құру туралы менің бастамамды қолда­ғандарыңыз үшін сіздерге риза­шы­лы­ғымды білдіремін. Бүгін біз қабыл­даған ашық Үндеу – осы бағыттағы алғашқы практикалық қадам. Мен Жер шары ерте ме, кеш пе ядролық қарудан ада бола­рына, «Әлем. ХХІ ғасыр» мани­фестімнің басты міндеті орын­даларына се­німдімін, – деп түйді Елбасы.

Отырыста әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің анти­­яд­ролық баста­ма­ларына қолдау көрсетіп, оның мән-маңызын және ілгерілету жолдарын тал­дады. Мысалы, Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джо­натан Гранофф Елбасының жаһан­дық ядролық қауіпсіздікті ны­ғайтудағы ерекше рөлін айта келе: «Адамзатты өлім соғысы қау­пі­нен біржола арылту үшін қолдан кел­­­­геннің бәрін жасауымыз керек. Бұдан маңызды мақсат жоқ», – деді.

Айхан ШӘРІП

 
Тегтер: адамзатНұрсұлтан Назарбаевонлайн конференцияТұңғыш Президенті күніядролық қару
Алдыңғы жаңалық

Елбасы және Түркістан

Келесі жаңалық

Ел болашағын өз қолымен сомдады

Ұқсас жаңалықтар

зейнетақы
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды

Қаңтар 23, 2021
Садриддин Ахмедов
Жаңалықтар

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қаңтар 23, 2021
тұрғын
Жаңалықтар

АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды

Қаңтар 23, 20:24

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 20:06

Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қаңтар 23, 19:44

АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 18:50

Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды

Қаңтар 23, 18:26

СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар 23, 17:41

Қыста асқынатын аурулар: қалай сақтану керек?

Қаңтар 23, 17:22
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

зейнетақы

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды

Қаңтар 23, 2021
Садриддин Ахмедов

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»