Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Ел болашағын өз қолымен сомдады

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 1, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
конференция
135
қаралым

Елбасының елдік мүдде жолындағы әр шешімі ұлт тари­хы­ның жаңа тарауына айналды. Елордада «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты халықара­лық конференция өтті. Іс-шара барысында Елбасының тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі рөлі мен халықаралық бастамалары жан-жақты сөз болды. Жиынға әлемдік деңгейдегі белгілі саясаткерлер, сондай-ақ еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хат­шысы Пан Ги Мун сынақ полиго­нын жабу және ядролық арсенал­дан бас тарту туралы тарихи ше­шімі, сондай-ақ жарқын әлемді құруға септесу жолында Қазақ­станның күш-жігері жалғасын тап­­қаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа зор ризашылығын білдірді. Оның байламынша, соң­ғы онжылдықтағы маңызды ке­зеңнің бірі – Қазақстандағы Семей ядролық сынақ полиго­нының жабылуы және елдің кеңестік ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы болды.

– Бұл – адамзат үшін тарихи шешім! Полигонда жасалған 500-ден астам жарылыс жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізді. Халық­аралық қауіпсіздікті нығайтқан бұл батыл қадам ядролық қару­сыз­дану саласындағы Қазақ­станның жаһандық көшбас­шы­лығының іргесін қалады, – деген Пан Ги Мун Елба­сының шешімі және шешуші көшбас­шылығы жеке біздің елдің ғана емес, бүкіл әлемнің даму траек­ториясын оң жаққа өзгерт­кенін айтты.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Қазақстанның табысы мен тұрақ­тылығы Н.Назарбаевтың көш­басшылығының арқасы деді.

Елбасы «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының отырысына қатысты

Елбасы Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты пікірін айтты

Елбасы «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының отырысына қатысып жатыр

– 1990 жылдардың басында Кеңес Одағы күйрегенде Қа­зақ­станның қазіргідей іргелі мем­лекет боларына сенгендер сирек еді. Қазіргі кезде Қазақстан бо­­­лашаққа сеніммен қарайды. Пре­зидент Назарбаев бүкіл әлем лайық­ты бағалауы тиіс өте маңыз­ды 3 қадам жасады. Бірін­шіден, ядролық қарудан бас тартты. Осының ар­қасында Қазақстан ядролық ар­сеналын өз еркімен жойған дү­ниежүзіндегі жалғыз елге ай­налды. Екіншіден, хал­қының басым көпшілігі мұсылман болған Қа­зақстан діни тағат-толе­рант­ты­лықтың ұс­тынына ай­налды. Қа­зақстанда христиан, еврей және басқа да қауым­дас­тықтарға жақсы жағдай жа­салған. Үшіншіден, жаһандық қос ал­пауыттың – Қытай мен Ресей­дің арасында орналасқанына қара­мастан, Қа­зақстан Батыстың се­німді әрі адал одақтасы болып қалуда, – деді Тони Блэр.

Ол өз сөзінде ел экономикасы тәуелсіздік жылдарында әлденеше есеге артқанын және ұдайы мо­дер­низацияланып жатқанын атап өтті.

«Қазақстан 30 жылда жүріп өткен жолымен мақтана алады. Оның алға жобалаған жолы және стратегиялық бағдары жарқын болашаққа жеткізері сөзсіз. Осы­ның бәріне қол жеткізу Н.Назар­баев­тың ұлағатты көш­бас­­шы­лығынсыз мүмкін болмас та еді. Міне, сол себепті бүгін осы та­рихи тұлғаға ілтипатымды біл­­­діру – мен үшін үлкен құрмет!» деп қорытты сөзін Ұлы­бри­та­ния­дан келген мәртебелі мейман.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы пре­зиденті, танымал француз эко­номисі, жазушы және саяси қай­раткер Жак Аттали Елба­сының ха­лықаралық қызметіне және оның әлемдегі ең дана адамдардың біріне айналуына қатты сүй­­сінетінін жеткізді.

Ол еліміздің Тұңғыш Пре­зи­­­дентімен 30 жыл бұрын, тәуел­сіз Қазақстанның қалыптасу ке­зеңін­­де кездесіпті. Кейін талай жүздесе жүріп, оның «нарықтық экономикаға негізделген, қазіргі заманғы демократиялық, әлеу­мет­тік және экологиялық тұр­ғыдан саналы, елді дамытуға бас­­­­таған ұстанымына, қажырлы күш-жі­геріне, оның қабілеті жә­не тәжі­рибесіне тәнті бо­лыпты.

– Ресей, Қытай, Иран және басқа державалармен көршілес орналасқан Қазақстан секілді аумағы үлкен елді басқару үшін дипломатиялық әрі әлеуметтік зор әлеует пен дағды қажет. Пре­зидент Н.Назарбаев соның бәріне ие. Осының арқасында ол сал­мақты шешімдер қабылдай алды, оның бірі – елдің бас қаласын Сары­арқаға көшіру және әлемдегі ең мықты сәулетшілердің көме­гімен ға­­­жайып қалаға ай­налдыру болды. Қазақстан – болашағы зор ел. Ел­басы көптеген азиялық жә­не батыс­­тық өрке­ниеттердің бас­тауларын біріктіріп, заманауи мемлекетті жаңадан тұрғызды. Оған бар жақсылықты тілеймін және оның елге әрі бүкіл әлемге қалдырған мұрасы келешек ұрпақ­қа жетеді деп сенемін, – деді Франциядан келген қонақ.

Түркияның экс-прези­денті Абдолла Гүл Нұрсұлтан Назар­баевты «Түркі әлеміне ақыл-ой, парасатымен қызмет етуші қай­раткер» деп атады.

– Ұзақ саяси өмірімде және 7 жылдық президенттік қыз­метімде Елбасымен етене жақын жұмыс істеуге мүмкіндігім болды. Ара­мызда берік достық орнады. Ол кісі туралы ойымды үш тар­мақта түйіндегім келеді. Бі­­­ріншіден, Н.Назарбаев 30 жыл бойы қазақ халқына көреген Ұлы Көшбасшы бола білді. Ол шека­ралары шеге­ленген, тұрақты және мығым мем­­лекет құрды. Қазақ­станның тұ­­рақты дамуы мен өрлеуін қам­та­­­масыз етті. Екін­шіден, Н.Назар­баев­ ең мықты, саяси тұғыры биік кезеңде, қазақ халқының және бүкіл мемлекеттік инс­титуттардың қолдауы мен адалдығына ие бола тұра, елінің болашағы үшін пре­зиденттік қызметінен өз қалауымен бас тартты. Үлкен кемеңгерлік пен парасаттылық танытты, жаңа буын­ның жолын ашты. Бұл – саяси тарихта сирек кездесетін оқиғалардың бірі, – деді А.Гүл.

Үшіншіден, оның пайым­дауын­ша, Елбасы – Түркі әлемін біріктіру жолында тынбай еңбек етіп, оған ақыл-ой, парасатымен қызмет етіп келе жатқан ұлы қай­раткер. «Мен мұны өзім куә бол­ған адам ретінде айтып отырмын. 2010 жылы Түркі кеңесін бірге құрдық. Мен оны күллі түркі жұр­­тының ақсақалы деп мәртебе тұта­­­мын!» – деді Түркия экс-президенті.

Отырыста сонымен бірге Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев та сөз сөйледі. Халық­аралық кон­ферен­цияға қатысушылар Елба­сының Қазақстанның ха­лық­аралық бай­ланыстарын жолға қою, көпвек­торлы сыртқы сая­саттың страте­гиялық бағытын құру жөніндегі күш-жігері мен же­тістіктерін, сыртқы саяси бас­та­маларын және олардың іске асырылу барысы мен қоры­тындыларын талқылады.

Елдос СЕНБАЙ

 
Тегтер: елел болашағыЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевұлт тарихыхалықаралық конференция
Алдыңғы жаңалық

Адамзаттың ең маңызды мақсаты

Келесі жаңалық

Текті елдің туын тіккен тұлға

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат»
Жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 2021
ауа райы
Жаңалықтар

Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 2021
дзюдо
Жаңалықтар

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 23:49

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 23:18

Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 22:21

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Қаңтар 16, 21:19

Өскеменде ер адам зейнеткердің 2 млн теңгесін жымқырып кеткен

Қаңтар 16, 20:52

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 20:10

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 20:04
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

«Қайрат»

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021
Алматы

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»