Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік академиялық филармониясының солистері Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін акапеллада орындап, музыкалық эстафетаны ресейлік әріптестеріне жолдаған.
Филармонияның баспасөз қызметі хабарлағандай, эстафета Қазақстанда ғана емес, шетелде де жалғасып жатыр.
«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған ақын шығармаларын оқу эстафетасын шетелдіктер де өолдап отыр. Филармонияның 700 артисі оның «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Бұл — орындау әнді орындаушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш. Филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов эстафетаны ұжым атынан ресейлік әріптестеріне жолдады» делінген ресми хабарламада.