Қазақстандық Юрий Толочко Марго есімді қуыршақпен көптен күткен үйлену тойын жасады. Тойдың видеосын ол Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Той ойдағыдай өткен. Бодибилдер қуыршаққа кәдімгі әйелдей қарайды, онымен кездесуге барады, саяхаттайды және оның атынан әлеуметтік желіде парақша жүргізеді. Нұр-Сұлтан тұрғыны қуыршаққа сәуірде үйленгісі келген, алайда пандемияға байланысты тойды тоқтатқан.Бірқатардың БАҚ жазуынша, Юрий Толочконың қуыршаққа үйленгісі келетіні өткен жылдың желтоқсанында белгілі болған. Жігіт "ғашығының" атынан әлеуметтік желіде парақша ашқан, онда екеуінің қарым-қатынасы туралы айтып отырады.