Қағазбастылық: 45 жыл бұрын 1974 жылы алған паспортпен жүрген
Қағазбастылық: 45 жыл бұрын 1974 жылы алған паспортпен жүрген

«ҚазАқпараттың» жазуынша, Солтүстік Қазақстан облысында «Жолдағы қабылдау» акциясы кезінде полицияға тұрғындар құжатқа қатысты мәселелермен шағым айтқан.

ІІМ Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәселелердің көпшілігі миграциялық қызмет жұмысымен байланысты болған. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың бірі көмек сұрап келген. Оның 3-4 жыл бұрын үйі өртеніп, құжаттарының барлығы жанып кеткен. Құжаттарының ішінде жеке куәлігі, еңбек кітапшасы, әскери билеті болған. Ал қазіргі таңда оның жеке басын растайтын 1974 жылғы паспорты ғана бар. Ал оны тіркеу үшін полиция қызметкерлері Ресейге сұрау салды. Шағымданушыны Ресей азаматтығынан шығартып, оның жаңа құжаттарын дайындап берді.