Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Тұңғыш Президенттің батасын алған балғындар

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 1, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Президент
34
қаралым

Адам баласының өмірінде  тағ­дырдың ойнар рөлі ерек. Кейбір кез­дері тағдыр тоғыстырған жайттар мен оқиғалар адамға ерешке әсер қал­дырады. Әсіресе, аузы дуалы ақса­қалдардың, ақ жаулықты ана­лардың, жұртқа  төрелік айтқан ел аға­ларының  батасын алғандардың  бо­лашағы баянды бола түсетіні бар. Тұң­ғыш Президент күні қарсаңында  Ел­басымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен  жүздесіп, ықыласына бөленген жам­былдықтар жайлы сөз етпекпіз.    

Ұлт көшбасшысының сенімін ақтаған Наризат

1997 жылдың қаңтар айы. Жарас қария  қызметтегі қызына «Ертең қалаға Пре­зидент келеді. Осыған орай, қала жол­дарында кедергілер болады»  деп жұмысқа басқа бағытпен бару керегін айтып отырды. Мұны кенеттен теледидардан көз алмай отырған 3  жасар Наризаттың  құлағы шалып қалды. Бұрын-соңды тек  көгілдір экраннан  көріп жүрген Президентті өз көзімен көргісі келген  бүлдіршіннің бар ойы орталық алаңға баруға ауды. Кешкі асқа отырған отбасы мүшелерінің алдына келіп, арманын айтқан оған барлығы «Саған не жоқ, бала емеспісің?» деп  қал­жындап күлді.

Дегенмен бала көңілді қимаған атасы мен әжесі  «ертең апарамыз» деп жұбату айт­ты. Жастығына жантайып, ананы-мынаны қиялдаған Наризаттың ойлағаны  – Ел­басының қолын алып, оған өзінің есі­мін естірту.

Хаттар мен жеделхаттар

Президент фракция басшыларымен кездесті

Жүйелі жаңғыру жалғасады

Арайланған таң да атты. Ұйқысынан оянып, далаға бір көз жүгірткен қыздың жапалақтап жауған ақ қар  көңілін  су сепкендей басты. Өйткені санасында «ешкім мені енді апармайды» деген ой ұялады. Таңертеңгілік әдеттегі уа­қытымен әркім өз жұмысына қарай бет­теп бара жатты. Көзі жәутеңдеген қыз­дың бар сенімі – атасы мен әжесінде. Сүйік­ті немерелерінің «Мені Пре­зидент апар­майсыңдар ма?» деп  жанарына тұнған жас­ты көрген атасы әжесі Алмагүлге ер­тіп баруын тапсырады. Содан әжесімен қолына шоқ гүлін алып жыр, алыбы Жам­был Жабаевтың ескерткіші маңына беттеді. Орталық маңы ығы-жығы, халық көп жиналған.  Ата  рухына тағзым ету шарасы өтіп жатқан орталықтағы  жұрт  қатарына келіп қосылды. Бір кезде Елбасының кор­тежі кішкентай қыздың көзіне ілікті. Алайда онда өту мүмкін емес. Көңілі күпті болған оның ойындағысы орындалуы үшін еш кедергіге де қарайлар емес. Бір кезде ескерткішке гүл қойып, халыққа бет алған  Елбасына  әжесінің қолында тұр­ған қыз лезде сытылып  шығып, қалың тұр­ған жұртты  қақ жарып жүгірді. Өзіне қа­рай қолын созып аяңдаған бүлдіршінді  Президент  көтеріп алып, қапсыра құшақ­тай алды. Сүт пісірім уақытта онымен тіл­дес­кен Мемлекет басшысы оның бетінен сүйіп, есімін  сұрап, кіммен келгенін біліскен. Одан кейін  Елбасы қолындағы қызды әжесіне табыстап, ақ батасын берді. Осы кездесуден кейін небәрі 3 жасар бал­ғынның өмірі түбегейлі өзгереді.

Жаңа заманның жасампазы Наризат Әділқызы  қазір – 25  жаста. Жиырма бес жыл уақыт өтсе де, сол сәттің ұмы­тылмас шаққа айналып, жылы жүздесу жүрегінде сақталып қалған.  2000 жылы Тараз қаласындағы  №22 орта мектептің табалдырығын аттаған  Наризат бірінші сыныптан зерек болады. Математикалық есептерді шемішкедей шаққан оның қабілетіне ұстаздар таңғалып, олим­пиадаларға қатыстыра бастайды. Төртінші сыныпты аяқтаған тұстың өзінде бірнеше жарыстарда жеңімпаз атанған ол өсе келе ғылыми жобаларға  бет бұрады.  Ал 11-сыныпты  «Алтын белгіге» тәмамдаған жастың  қолында оқу гранты тұрған еді.

– 11-сынып оқып жүрген кезде Қазақ Ұлттық  университетінің  өкілі ретінде Мұхтарбай Үтелбаев есімді профессор кел­іп, жамбылдық оқушылар арасында ма­тематика пәнінен олимпиадалық жарыс  өткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге үш білім гранты берілетін болып, осы байқауда мен жүзден жүйрік шықтым.  Нәтижесінде  Алматы қаласындағы  Қазақ Ұлттық университетінде тегін білім алуға қол жет­кіздім. Осы кездің өзінде менің ойымда Ел­басының айтқан сөзі мен ба­тасы, «үлкен аза­мат бол» деген тілегі тұрған еді және бұл сөз әркез  мені алға ұмтылуға рухтандырып тұр­ды.

Нәтижесінде университеттің  «Мате­матикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығын үздік дипломға  аяқтап,  магис­тратураны да жоғары деңгейде бітіріп шық­­тым. Енді докторлық диссертация қор­ғауды жоспарлап отырмын, – дейді білімге құштар  Наризат.

Бұдан бөлек, жалынды жас өз ма­мандығы бойынша білімін шет мемлекетте шыңдап,   ұстаздық жолға түсіп, шәкірт тәрбиелеп, туған еліне еңбегін сіңіруді армандайды.  Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы сыйға тартқан күнтізбені  төсқалтасында сақтап, өзінің  өмірлік бағдаршамы етуде.

Ақ батамен нұрланған Айым

Ал 2010 жылы өңірге іссапармен  келген Елбасының жанынан табылып, жол серігі болған Айым Жақанованың   бұл күн есінде ерекше сақталған.   Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тәрбиеленіп  жатқан 5  жасар қызды облыс басшылығы көптің ішінен таңдап алып, Елбасына гид болу  бақытына ие қылады. Мемлекет басшысын балғын Айым  «Отан» атты өлеңімен қар­сы алып,   «Жасыл ел» бағдарламасы ая­сында Қазыбек би көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолы мен балалар алаңының қайта қалыпқа  келіп жатқан жұ­мыстарды  бала тілімен баян етеді.  Қатарластары атынан балаларға   жасап жат­қан жақсылығы үшін алғысын  айтады. Айым­ға батасын берген Президент те оған оқу­да озат болып, ата-ана үмітін ақтар абыройлы  перзент  болуына тілектестік білдіреді.

Ұлт көшбасшысының ақ батасымен нұрланған Айым бүгінде қаладағы №5 мек­теп гимназияның тоғызыншы  сыныбында тәлім алуда. Оқуда озат. Кішкентайынан би үйірмелеріне қатысып, өнерден де өз орнын тауып жүр.  Кейіпкеріміздің  әке­сі Қайрат Жақановтың айтуынша, қы­зы­ның  Елбасымен жүздесуі  олардың жан­ұясындағы  ең бақытты сәт болыпты.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесіп, қолын алған сәт­тен қызымыздың өн бойында ерекше қа­білеттер пайда бола бастады. Мектепке барған сәттен-ақ ол болашағынан үл­кен үміт күттірді. Өздігінен би билеп, са­ба­ғында да алғыр болып, бізді толайым та­быстарымен қуантуда. Елбасымен бірге жү­ретінін естігенде қуанышымызда шек бол­мады. Ол үшін көп  дайындалып, қызымыз Президенттің алдында бұлбұлша сайрап, көпті  таңғалдырды. Біз сол кездегі кездесуді жақ­сылыққа жорып, сол кісі секілді елі сүй­ген, елін сүйген  азаматша  болып өссін  деп  тіледік, – дейді әке жүрек.

Ал Айымның өзі болашақта журналист болуды армандайды. Қазірдің өзінде қатарластарынан озық ойлап, зеректік танытып жүрген балғынның келешегі ке­мелді болуына біз де тілектестік білдірдік.

«Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйенерге жа­рар ол» дейдi ұлы Абай. Иә, қос кейіп­керіміздің де өмірі  Елбасымен кездесуден кейін  түбегейлі өзгергені шын мәнінде таңғалдырады. Әрі Назират та, Айым да Мемлекет басшысының сенім үдесінен шы­ғып, ақ батасын ақтағаны сөзсіз сүй­сіндіреді. «Үлкен азамат бол» деген Ұлт көшбасшысының бір ғана жылы сөзі мен  тілегі қос аруымызды қанаттандырған. Биік­ке самғатқан. Ендеше жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз баянды болсын дейміз елдің ертеңі саналған жастарымызға. 

Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы

 
Тегтер: батаНұрсұлтан НазарбаевпрезидентТұңғыш президентТұңғыш Президент күні
Алдыңғы жаңалық

Тұңғыш Президент күніне орай Елбасының атына құттықтау хаттар келіп түсті

Келесі жаңалық

Қостанай облысында мереке күні қатаң карантин тәртібі сақталады

Ұқсас жаңалықтар

вакцина, коронавирус, келісім, екпе
Жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыратын адамның міндетті түрде жазбаша келісімі болуы тиіс – Байтанаев

Қаңтар 19, 2021
Тақиялы періште, Тайлақ, Әлімғазы Райымбеков
Жаңалықтар

«Жарқын бейнесі жадымызда сақталады» – Елбасы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

Қаңтар 19, 2021
пойыз билеті, билет бағасы, теміржол, Қазақстан темір жолы
Жаңалықтар

1 наурыздан бастап нақты қандай бағыттардағы пойыз билеті қымбаттайды?

Қаңтар 19, 2021
Орал, Батыс Қазақстан, карантин
Жаңалықтар

21 қаңтардан бастап тағы бір қалада карантин талабы күшейтіледі

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыратын адамның міндетті түрде жазбаша келісімі болуы тиіс – Байтанаев

Қаңтар 19, 16:41

«Жарқын бейнесі жадымызда сақталады» – Елбасы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

Қаңтар 19, 16:16

1 наурыздан бастап нақты қандай бағыттардағы пойыз билеті қымбаттайды?

Қаңтар 19, 15:57

21 қаңтардан бастап тағы бір қалада карантин талабы күшейтіледі

Қаңтар 19, 15:20

«Мемлекеттік бағдарламамен үй әперемін» – Қызылордада алаяқ әйел ұсталды

Қаңтар 19, 14:54

Пойыз ер адамның басын жұлып кетті

Қаңтар 19, 14:33

Алматыда автобус қаққан әйел қайтыс болды

Қаңтар 19, 14:13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

вакцина, коронавирус, келісім, екпе

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыратын адамның міндетті түрде жазбаша келісімі болуы тиіс – Байтанаев

Қаңтар 19, 2021
Тақиялы періште, Тайлақ, Әлімғазы Райымбеков

«Жарқын бейнесі жадымызда сақталады» – Елбасы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»