Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 444 адам емделіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 232 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.