Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері 2020 жылдың 1 желтоқсанында жабылады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Өткізу пункттері 2020 жылдың 2 желтоқсанында жұмыс істей бастайды. МКК тасымалдаушылардан жоспарларын аталған шектеулерді ескертіп үйлестіруді сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін комитет экспорттаушылардың Қытай тарапымен келісімшарттық міндеттемелерін қайта қарайтыны туралы айтылған болатын.