АҚШ шығарған вакцина тиімділігін толық дәлелдеді
АҚШ шығарған вакцина тиімділігін толық дәлелдеді
Американдық Модерна компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі 100 процент, - деп жазады 24.kz. Бұл жаңа дәріні ауруы асқынған науқастарға қолданған кездегі көрсеткіш. Ал қалған жағдайларда препараттың тиімділігі 94,1 процентті құрайды екен. Бұл туралы аталған компанияның ресми сайтында хабарланды. Ондағы мәлімет бойынша осы күнге дейін вакцинаның қауіпсіздігіне қатысты қандайда бір күрделі қиындықтар тумаған. Енді Модерна жаңа дәріні ресми түрде тіркеу үшін АҚШ пен Еуроодақ билігіне өтініш білдірмек ниетте.