Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
87
оқылды
30 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, РФ және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. Әуежайға келген 1 169 жолаушының 960-ында ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамалар болған. Анықтамасы жоқ 209 адам келді, олардың барлығы – ҚР азаматтары. Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 762 жолаушы келді (анықтамасы бар - 616, анықтамасы жоқ – 146). - Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс, 285 жолаушы (анықтамамен – 234, анықтамасыз – 51), - Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 122 жолаушы (анықтамамен - 110, анықтамасыз – 12) келген.
«Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға жіберілді және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест жүргізілді. ПТР-талдау нәтижесі бойынша Мысырдан ұшып келген бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды. Одан басқа, Минскіден әуе рейсімен келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары мерзімі өткен ПТР-анықтамаларды ұсынғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан кері қайтарылды», - делінген хабарламада.