Иранда көтеріліске байланысты әлеуметтік желілер бұғатталды
Иранда көтеріліске байланысты әлеуметтік желілер бұғатталды

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Иранда ереуіл кезінде 25 адам мерт болды.

Наразылық бірнеше қалада өткен. Шара полициямен қақтығысқа ұласуда. Ашынған халық полиция бөлімдерін, банк ғимараттарын өртеп жатыр. Қазір елде ғаламтор желілері бұғатталды.

Кеше ғана Иранда бензин бағасы екі есеге қымбаттады.Бұған дейін Иран билігі жүргізушілерге айына тек 60 литр жанармай ғана сататын шектеу қойған еді.