Тұңғыш Президент күні елордада 18 сәби дүниеге келді
Тұңғыш Президент күні елордада 18 сәби дүниеге келді
135
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Тұңғыш Президент күні елордада 18 сәби дүниеге келгенін айтты. 
"Бүгінгі мерекелік таңымыз қала әкімі орынбасары Бахтияр Мәкеннің 1 желтоқсанда дүние есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарын құттықтаумен басталды. Қала басшылығы ҚР Тұңғыш Президент күні туылған сәбилердің аналарын құттықтап, амандық тілеп, гүл шоғын табыстады", - деп жазды ол.
Оның айтуынша, құттықтаумен қатар, босанған аналарға әкімдік атынан алғыс хаттар мен балаларға арналған жылы комбенезон ұсынылды.
"Бүгін мерекелік акция Нұр-Сұлтан қаласының барлық көпбейінді ауруханаларының акушерлік блоктарында аудандық әкімдіктердің қолдауымен өтіп жатыр.  Мереке күні сағат 10:00-ге сәйкес қалалық акушерлік блоктарда 18 нәресте ҚР азаматы атанды. Барлық аналар мен сәбилерге тілейтініміз мықты денсаулық, бақыт және амандық!",- деп аяқтады сөзін ол.