Сирия: Ресейдің әскери әуе шабуылынан 9 адам қаза тапты
Сирия: Ресейдің әскери әуе шабуылынан 9 адам қаза тапты
90
оқылды

«Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирияның Идлиб провинциясына Ресейдің әскери әуе күштері әуеден соққы берген.

Әскери шабуылдан 9 адам жан тапсырған. Бесеуі Мелладж қаласында, ал төртеуі Серакибте мерт болған. Алдын ала мәлімет бойынша 10 тұрғын әртүрлі жарақат алды. Жергілікті биліктің болжамынша, қаза тапқандар мен жараланғандардың саны әлі де өсуі мүмкін.