Гонконг: Полиция халыққа қарсы оқ атуы мүмкін...
Гонконг: Полиция халыққа қарсы оқ атуы мүмкін...
114
оқылды

«РИА Новостидің» хабарлауынша, Гонконг полицейлері наразылық шарасына қатысушыларды атып тастауы мүмкін екенін ескерткен.

Басылымның жазуынша, ереуілге шыққандар Гонконгтағы үлкен көпірді тұтастай өртеп жіберген. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының өкілі Луис Лау наразылық шарасына қатысушыларға видеоүндеу жолдады. Ол видеода полицейлерге қатысты зорлық-зомбылық тоқтатылмаса, тәртіп сақшылары атыс оғын қолдануы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Лау белгісіз біреулердің автомобильмен бір топ полицейді қақпақ болғанын мәлімдеді. Осы кезде полицейлердің бірі оқ атуға мәжбүр болған, көлік осыдан кейін бұрылып, жасырынған. Ереуілшілер жолдар, тоннельдер, көпірлерді жауып тастаған. Жаппай ереуіл экстрадиция туралы заң жобасына қарсылықтан басталған.