Жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды
Жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды
128
оқылды

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында болған.

Жедел құтқару жасағы (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) 30 қараша күні сағат 18.16-дан бастап 46 жастағы ер адамды Қараөзеннен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ол 25 қарашада үйінен шығып кетіп, содан оралмаған.

Сағат 19.05-те ер адамның денесі өзеннен табылып, құтқарушылардың көмегімен судан шығарылды.