«Жақсылап демалуды білеміз» ­– саунада мақтанған судья қызметінен айырылды
«Жақсылап демалуды білеміз» ­– саунада мақтанған судья қызметінен айырылды
127
оқылды

Жазба авторы карантин кезінде Алматы облысының прокуратурасы мен аудандық сот қызметкерлерінің саунада демалып жүргенін хабарлаған.

Облыстық сот Facebook-та тараған даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Баспасөз қызметі бұл роликті сот жүйесіне қатысы жоқ азамат түсірген деп топшылайды. Осы жайтқа қатысты  Жоғарғы соттың ресми сайтында cудья Дінмұхамед Сейітов қызметінен босатылғанын ресми жариялады. Дінмұхамед Сейітов Кербұлақ аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылған.

«Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітов тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот қазыларының шешімі бойынша судья өкілеттігін тоқтатумен атқаратын қызметінен босатылсын» делінген сайтта жарияланған ресми құжатта.

Айта кетейік, осыған дейін бұл видеоға байланысты Бас прокуратура да мәлімдеме жасаған еді.

«Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та саунада судья мен прокурор түсірілген ролик таралып жатыр. Осы дерек бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаменті тексеріс жүргізуде. Тексеру аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға кеңес береміз. Тексеріс нәтижесін көпшілікке айтамыз»,  – деп хабарлаған болатын.

https://youtu.be/4Qk_uOycw2c