«Виртуалды қойма» деген не?
«Виртуалды қойма» деген не?
268
оқылды

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес, барлық қосылған құн салығын төлейтін салық төлеушілер шот фактураларды «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесінде тек электронды түрде рәсімделу қажет.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 23 ақпан «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесінің модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып беру туралы бұйрығына сәйкес   «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі тәжірибелі қолданысқа енгізілді.

«Виртуалды қойма» (бұдан әрі — ВҚ) модулі — қалдықтарды автоматты түрде санау және импортпен келген тауарды кіріске алудағы бизнес-процесті автоматты түрде бақылауға алу мақсатында құрылған.

ВҚ модулі тауарларды қоймаға кіріске алу және есептен шығару, соның ішінде ТД немесе тауарды шеттен әкелу өтініші  және жанама салықтарды төлеу негізіндегі тауар қозғалысы процестерін автоматтандырады. Нәтижесінде, ВҚ-дан таңдалған тауар бойынша ЭШФ рәсімдеу барысында ТД, шеттен әкелу өтінішінен және тауардың шығу тегі сертификатынан мәліметтер автоматты түрде толтырылады. ВҚ модулінде қалдықтарды online режимінде жүргізу, ВҚ тауар қалдықтарының өзгерісін толық жүктеу және мерзімді жүктеу, тауар жайлы толық қажетті ақпаратты сақтау және тауарлардың шығу тегін бақылау мүмкіндігі қаралған.

Бастапқы кезеңде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сату бойынша ВҚ модулінде ЭШФ жазып беру автөкөлік құралдарына таралды. Ал 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қант шикі заты,  теледидарлар, тоңазқыштар енгізілді, ал 2019 жылдың 1 қазан айынан бастап шаңсорғыш, фотокамера, электр жылытқыштары тізбеге  енгізілді.

 «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесінің ВҚ модулі арқылы шот-факутуралар жазу бойынша тауарлар тізілімі Мемлекеттік кірістер Комитеті порталында жарияланған.

Құрметті салық төлеушілер, Шымкент қаласы бойынша МКД  «Виртуалды қойма» модулі бойынша әр жылы тауарлардың тізілімі кеңейтілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 23 ақпан  «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесінің модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып беру туралы бұйрығына сәйкес салық төлеушілер импортталған тауарларды тек «Виртуалды қойма» модулі арқылы өткізу  жүргізілуі тиіс.     

                           

  Шымкент қаласы бойынша МКД  Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы