А.Мамин: Азық-түліктің қымбаттауына жол бермеу керек
А.Мамин: Азық-түліктің қымбаттауына жол бермеу керек
5,124
оқылды

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азық-түлік бағасының өсуі мәселесі қаралды. Бұл жайында Kaz.tengrinews.kz хабарлады.

"14 қарашада Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне және бұл мәселеде тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан дұрыс бақылау мен үйлестірудің жоқтығына назар аударды", - деді Асқар Мамин. 

  Үкімет басшысы жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағалар барлық өңірде 15 пайыздан астам өскенін атап өтті. 

Қарақұмық жармасы (+62,9 пайыз), күріш (+32,3 пайыз), ұн (+27,8 пайыз) бәрінен қымбаттағаны байқалады.

Өңірлер тұрғысынан бағаның ең көп өсуі - Шымкент пен Қызылорда, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе және Таразда байқалады.  

 Премьер-министр бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімге арналған нақты шаралар пакетін әзірлейтін жұмыс тобын құруды тапсырды.