Божко дипломы жоқ адамдарға ауыл әкімі болуға мүмкіндік беруді ұсынды
Божко дипломы жоқ адамдарға ауыл әкімі болуға мүмкіндік беруді ұсынды
126
оқылды

Жоғары білімі жоқ кандидаттарды ауыл әкімі лауазымына тағайындау ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс спикерінің орынбасары Владимир Божко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Кезінде (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік) ерекше бір бұйрық шығарылды, оған сәйкес жоғары білімі бар адамдар ғана ауылдық округ әкімдері болып тағайындалады. Кешіріңіз, мұндай ауылдарда бізде тек жоғары білімді мұғалімдер мен полицейлер бар. Бізде орта білімі, қаржылық, өмірлік тәжірибесі мол адамдар бар. Бірақ сіздердің бұйрық бойынша оларды ауыл әкімі қызметіне тағайындауға мүмкіндік берілмейді», – деді Божко Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары Марат Дәуешевке.

Божко жоғары білімі жоқ, бірақ үлкен тәжірибесі бар адамдарды әкім қылып тағайындауға құқық беретін осы бұйрықты қайта қарауды ұсынды.