Тұңғыш Президент күні қарсаңында нұротандықтар қатары толықты
Тұңғыш Президент күні қарсаңында нұротандықтар қатары толықты
Тұңғыш Президент күні қарсаңында нұротандықтар қатары толықты. Еліміздің Тұңғыш Презденті күні қарсаңында Nur Otan  партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бұл айтулы мереке елімізді аяғынан тік тұрғызып, тәуелсіздігін баянды еткен Елбасына халықтың ыстық ілтипатының көрінісі деді. Бүгін партия билетін қолына алып тұрғандардың қатарында белсенді, алдына үлкен мақсат қойған, жас ұрпақтың өкілдері мен түрлі сала мамандары бар. Партия билеттерін табыс ете тұрып, Ғалым Мәдешұлы саяси ұйымның жаңа мүшелеріне алдағы уақытта зор міндет жүктелетінін айтып, партияның әрі қарай да халықтық ұйым болып қала беруіне атсалысатындарына сенім білдірді.
«Тұңғыш Президент күні бұл тәуелсіз Қазақ елінің болашаққа қадам басып, әлемдік аренада өз орнын алып, алпауыт елдермен терезесі тең дәрежеде, татулық пен бірлікті түп қазығы еткен мемлекет ретінде әлем картасынан лайықты орын алатын бірден-бір ел екенін дәлелдей түсетін сәт», –деді өз сөзінде Ғалым Бекмағамбетов. Партия билетін қолына алып тұрып, қалалық «Көкшетау» газетінің жауапты хатшысы Гәкку Бәйшева: «Мен бұл саяси ұйымның нағыз халықтық ұйым екенін білемін. Себебі қызмет бабымен жүріп, қарапайым халықтың өз мәселесін шешу үшін осы партияға көмек сұрай келетінін және көп жағдайда тиісті жауабын алып, дұрыс шешім шығарылатынын көріп жүрмін. Сондықтан осындай тарихи сәт алдында қолыма партия билетін алу мен үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта өңірдің дамуына ықпал етіп, халықтың жағдайын жақсарту жолында осы саяси ұйымның нәтижелі жұмысын насихаттай беремін », – деді.
 width= Партия билетін алғандардың қатарында «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі Кенже Әбділманова, теміржол вокзалының дикторы Лаура Амрина, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының сарапшысы Жұлдыз Байтықбаева, «Азаматтарға арналға үкімет облыстық филиалы» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Бауыржан Ерімбетов, №10 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Арман Есдәулетов, олыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Максим Половцев, және т.б. бар.