Газбен жүретін көліктер паркингке қойылмайды

Газбен жүретін көліктер паркингке қойылмайды

Алдағы жылы газбен жүретін көліктерді паркингке қоюға рұқсат бермейтін болды.

Бұл жөнінде еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта газ баллон орнатқан көліктердің жарылуы жиілеп кеткен. Мұндай көліктер қазір тұрғын үйлердің жер асты тұрақтарына да, сауда-ойын-сауық орталықтарына да емін-еркін кіріп жүр. Жүргізушілердің көбі арзан бағасына қызығып, дәстүрлі отыннан газға көше бастаған. Сапасыз баллон орнатып алғанда, қауіп туралы ойламайды дейді. Жалпы күн суытқалы бері автокөліктердің отқа орануы жиілеген. Тек өткен аптада автокөліктердің өртенуінің 68 жағдайы тіркелген екен.


 – Газдан болатын қауіптің алдын алу мақсатында біз ережелердің, соның ішінде құрылыс ережелерінің талаптарына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін ойластырдық. Себебі, газ бензинге қарағанда қауіпті. Әсіресе, көлік жер асты тұрағында тұрса, қауіп ұлғая түседі. Жарылыс болған жағдайда салдары өте ауыр болады. Үлкен ғимарат қирауы мүмкін. Газ жабдығы бар автомобильдердің жер асты паркингтеріне кіруіне тыйым салу туралы ұсыныс жасап жатырмыз, – дейді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, Владимир Беккер.