Сағынтаев полицейлерге ескерту жасады
Сағынтаев полицейлерге ескерту жасады
143
оқылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев еш ескертусіз "Атакентте", "Мерей" СО, Көкбазарда, Арбатта, Меңдіқұлов - Бектұров көшелерінің бұрышында, Ганди саябағында орналасқан мобиль пункттерді тексерді. Осыдан кейін қала әкімі Полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасалды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz жазды.

"Полицияның мобильді посттары жөніндегі бастаманы жақсы қабылдаған қалалықтар өз жазбаларында учаскелік инспекторлардың орындарында көрінбейтінін шағымдануда. Тексеру барысында учаскелік инспектордың тек біреуінде болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ. Полиция қызметкерінің орнына СО-ның күзетшілері отырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайды қарауға болмайды! Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаланың ПД-нің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды. Атқарылатын жұмыстар жөнінде қалалықтардың ескертулері назарға алынады. Алматылықтардың қауіпсіздігі - біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі", - деп жазды қала басшысы өз парақшасында.