Қаныш Сәтпаевқа ескерткіш орнатылады
Қаныш Сәтпаевқа ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтан қаласында академик және геолог Қаныш Сәтпаевтың құрметіне ескерткіш қойылады. Бұл жөнінде Елорда инфо жария етті.

Павлодар қалалық әкімдігінің Facebook парақшасында жазылғандай, Нұр-Сұлтан қаласында Қаныш Сәтпаевтың, ал Павлодарда Абай мен Естайдың ескерткіштері орнатылады. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Онда павлодарлық белгілі мүсіншілер, суретшілер, археологтар, мемлекеттік қызметкершілерден тұратын сарапшылардың назарына елдің атақты мүсіншілерінен 28 жоба ұсынылған екен.
«Жұмыс авторларына Қаныш Сәтпаевтың Отанына шексіз сүйіспеншілік, Абай Құнанбаевтың философиялық ойының тереңдігі және Естай Беркімбаевтың жанының лирикасын көрсету міндеттелген. Кездесу қорытындысы бойынша болашақ монументтер жобаларының үздік нұсқалары іріктелді», - деп жазылған.

Ендігі уақытта іріктеуден өткен жобалар Қазақстанда орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қарауына берілетін болады.