Оқыс оқиға Байтұрсынов көшесінің бойындағы контейнерде болған.
Жеке нысан асхана ретінде жабдықталған. Өрт түнгі 22:00 шамасында шықты және 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұған қоса контейнер жанындағы ағаш құрылғылар да отқа оранды. Оны ауыздықтау үшін 4 техника мен жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.Еске сала кетейік, бұған дейін де Нұр-Сұлтанда дәмханада газ баллоны жарылып, 2 адам қайтыс болған еді.