Қазақстандық студенттер Гонконгтен оралып жатыр
Қазақстандық студенттер Гонконгтен оралып жатыр
151
оқылды

Гонконгта оқитын қазақстандық студенттер аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты елге оралуда. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Гонконгтағы наразылықтың ушығуына байланысты, соның ішінде университеттер аумағында, сондай-ақ оған жақын аудандардағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты, қазақстандық студенттер екінші семестрге дейін қашықтықтан оқытуға ауысу туралы шешім қабылданды», - деді Смадияров. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Гонконгта оқитын студенттердің барлығына елге оралуды ұсынады. Сондай-ақ, жағдай тұрақталғанша, қазақстандықьтарға Гонконгқа бармауға кеңес береді.

СІМ дерегінше, Қазақстанға 118 студент оралды. Алдағы күндері тағы 40-қа жуық қазақстандық студенттерді әкелу жоспарлануда.

Айта кетейік, соңғы күндері Гонконгтағы наразылықтар тағы да күшейе түсті, демонстранттар тактиканы өзгертіп, университеттік кампусты басып ала бастады. Гонконг бірнеше күн қатарынан көлік құлдырауын бастан кешіруде, демонстранттар мыңдаған шерулерден жолдар, тоннельдер мен көпірлерді жауып тастауға көшті.