Үздік авторлар марапатталды
Үздік авторлар марапатталды
173
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласында БАҚ өкілдері, медиа-мамандар және әуесқойлар арасында инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік материалдарға «Әр бала мектепке лайықты» атты байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға бес номинация бойынша барлығы 135 материал келіп түсті: «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа басылымы», «Үздік фото жұмыс», «Үздік Интернет-жарияланым», «Үздік әлеуметтік бейнебаян».  

«Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясы бойынша «Хабар» телеарнасының тілшісі Меруерт Шүкуева (Нұр-Сұлтан қ.), «Үздік баспа басылымы» номинациясы бойынша – «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Айдана Шотбайқызы (Нұр-Сұлтан қ.), «Үздік фото жұмыс» номинациясы бойынша – Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының журналисті Арайлым Нұғманова (Атырау қ.), «Үздік Интернет-жарияланым» номинациясы бойынша – «The Steppe» ақпараттық порталының журналист-редакторы Ырысты Ерден (Нұр-Сұлтан қ.), «Үздік әлеуметтік бейнебаян» номинациясында – Дана Мейірманова (Нұр-Сұлтан қ.) жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.