Алматыда 7000-ға жуық кәсіпкер ісін жалғастыра алмай отыр
Алматыда 7000-ға жуық кәсіпкер ісін жалғастыра алмай отыр
156
оқылды

Іс-шараға Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, басқарма басшылары, Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы басшылығы қатысты.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы, «Учёт» компаниясының басшысы Максим Барышев өз сөзінде бүгінде 7000-ға жуық кәсіпкерге тыйым салынғандықтан, өз қызметін қалпына келтіре алмайтындығын, оның ішінде боулингтер, бильярд бөлмелері, компьютерлік клубтар, сауда ойын-сауық орталығындағы ойын залдары, караоке бар екенін баса айтып өтті.    width= Сондай-ақ, ол тыйым салуды жалғастыратын салалардың экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының қатарына қосуды, қызметкерлерге жалақы төлеу үшін 12 ай мерзімге пайызсыз несие түрінде мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды немесе жұмысты қайта бастағанға дейін бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы төлеуді жалғастыруды ұсынды. Бұдан басқа, тыйым салынған бизнес түрлері мен кірісі жоқ басқа да кәсіпкерлер үшін медициналық сақтандыруды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды, екі немесе одан да көп компанияда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, негізгі жұмыс орнынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлеуді ұсынды. Максим Барышев бизнестің жекелеген түрлерінің жұмысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Олар – үй-жайдағы жалпы сыйымдылығының 30%-нан аспайтын қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына, келушілермен тікелей байланысы жоқ тамақтану нысандарының, сондай-ақ фудкорт қызметін қатаң түрде келушілерді отырғызбай алып кетуге қайта бастауға рұқсат беру. Жиын барысында мониторингтік топтардың жұмысы, креативті индустрияларды дамыту, мектепке дейінгі білім беру, пандемия кезіндегі туризм, автобус парктері және басқа да мәселелер талқыланды. «Қазақстанның Ұлттық өнеркәсіптік палатасы» «Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Дмитрий Васильев мониторингтік топтардың жұмысына қатысты көптеген сұрақтар, тіпті бизнес тарапынан шағымдар туындайтынын атап өтті. Спикер олардың құрамын оңтайландыруды, көрнекілік элементтерін – мысалы, төсбелгілерді қосуды ұсынды. Сонда кәсіпкерлер олардың алдындағы мониторинг тобы екенін бірден түсініп, жұмыс алгоритмін нақты сипаттайды.

«Мониторингтік топтарды жол полициясы, учаскелік полиция сияқты камералармен қамтамасыз етуді ұсынамын. Екіншіден – градацияны енгізуді ұсынамын: бірінші рет – ескерту, екінші рет – айыппұл, үшінші және төртінші рет, егер бұзушылықтар әлі де жалғаса берсе – біздің халықтың ниетін бұзатын кінәлілерге бұған жауап беруі үшін үлкен айыппұлдар салу қажет», – деп «БастауЭнерго» ЖШС-ның бас директоры Артур Котенев өз ұсыныстарын айтты.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев кездесуді қортындылай келе, барлық айтылған мәселелер алдағы уақытта қаралатынына уәде берді. «Енді осы айтылған мәселелер аясында 2021 жылға жоспар құрайық. Біз не істеуіміз керек? Не нәрсеге қол жеткізуіміз керек? Алдымызға қандай жоспарлар қоямыз? Оны қалай іске асыра аламыз? Біз осы мәселелерді бір ай бойы пысықтап, желтоқсан айының соңында тағы да бір рет жиналайық», – деді қала басшысы. Ол мұндай кездесулерді ай сайын өткізуге ниетті екенін атап өтті.