Жұмыртқадай бұршақ бәрін қиратып салды
Жұмыртқадай бұршақ бәрін қиратып салды
144
оқылды

Жұдырықтай жауған бұршақ үй мен көліктерді бұзып тастады.

Австралияның солтүстік шығысындағы Квинсленд штатында жұмыртқаның көлеміндей бұршақ жауып өтті.

Соның кесірінен тоқ үзіліп, 20 шақты үй жарықсыз қалған. Тіпті, үй мен көліктер бұршақ астында қалып, тас-талқан болған.

Еске салсақ, мұндай жағдай Қазақстанда да болды. Мәселен, былтыр Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында бөдене жұмыртқасының көлемінде бұршақ жауып, бүкіл жеміс-жидекті толығымен бүлдіріп салды.