Петропавлда қалың қарда шөп шапқан жұмысшыларға қатысты әкімдік мәлімдеме жасады
Петропавлда қалың қарда шөп шапқан жұмысшыларға қатысты әкімдік мәлімдеме жасады
620
оқылды

Видеоны қала тұрғындары түсірген. Қолдарына триммер ұстап, қыста қардың астындағы шөп шауып жүргендердің әрекетін көпшілік талқылады.

Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысына Премьер-Министр Асқар Маминнің сапары жоспарланған. Көпшілік бұл жұмыстарды осыған орай атқарылғанымен байланыстырды. Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдіктің шөп шабуға ешқандай қатысы жоқ. Облыс орталығындағы ЗИКСТО зауыты өз ынтасымен айналадағы аумақты ретке келтіруге шыққан. Ал ЗИКСТО зауыты да қатысы жоғын айтты.

ЗИКСТО зауытының өкілдері де: «Видеода аялдама анық көрінеді. Жұмысшылар көшеде, аялдаманың қасындағы шөпті шауып жүр. Біз мұндай жұмыстарды атқарған емеспіз. Бізде тіпті шөп шабуға арналған триммерлер де жоқ», – дейді.