«Nur Otan» партиясы жұмысшыларына еңбекақы төлемеген кәсіпорынды бақылауға алды
«Nur Otan» партиясы жұмысшыларына еңбекақы төлемеген кәсіпорынды бақылауға алды
Әлеуметтік желіде Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы «Эко Жардем» кәсіпорны қызметкерлерінің еңбекақыны төлемеу фактісі бойынша шағымы жарияланды.   Осы мәселені шешу мақсатында Парламент Мәжілісіне кандидат Мәди Елубаев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы комиссиясымен бірге тексеріс жүргізіп, «Эко Жардем» кәсіпорнында қыркүйек-қазан айларына еңбекақы төлеу бойынша қарыз жиналғанын анықтады. Партиялық бақылау комиссиясы Ерейментау аудандық әкімдігіне 7 желтоқсанға дейін еңбекақы бойынша қарыз мәселесін шешуге кеңес берді. Осы мәселе облыстық партия филиалының бақылауында.