Байлығын көрсетіп мақтанған блогердің пәтерін тонап кетті
Байлығын көрсетіп мақтанған блогердің пәтерін тонап кетті
138
оқылды

Әлеуметтік желіде байлығына мақтанған гонконгтік блогер Мей Янь Соның пәтерін біреулер тонап кетті,  деп жазады The Sun

Басылымның жазуынша, блогердің үйіне пышақпен құруланған үш ер адам кіріп келіп, өзін алты айлық баласымен және үй қызметшісімен қосып байлап тастаған. Әйел бағалы заттарының қайда жасырылғанын айтпаған. Сол кезде тонаушылар сәбидің басынан таяқпен ұрған көрінеді. Қаскөйлер келіншектің өзін де ұрып-соққан.

Олар кеткен соң блогер полицияға дереу хабарласқан. Тәртіп сақшылары 40-50 жастардағы тонаушыларды бейнежазбалар арқылы көрді. Оларды модельдің үйіне күзетші кіргізгені анықталды.

Үш ер адам тоғыз сөмке, жеті қол сағаты, ноутбук, екі мобильді телефон және 3,6 млн доллардың бағалы заттарын алып кеткен.