Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды
Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды
617
оқылды
Маңғыстауда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жолдар учаскесі жабылды. Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар "Ақтау-Құрық", "Ақтау-Жетібай", "Жетібай-Жаңаөзен", "Жетібай-Шетпе", "Форт-Шевченкоға" дейінгі 43 шақырым тасжол жабылды. Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жолаушыларға жолда абай болуды ескертті. Автожолдардың қашан ашылатыны,әзірге белгісіз. Синоптиктер Маңғыстауда қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлады.