Мессенджерлерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама таратылуда. Мәтін авторы ІІМ вице-министрі болып тағайындалмаса, әшкерелейтін хабарламаны жариялаймын деп жазған. Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– 30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С. Варго әлеуметтік желілерде олардың есімдерін пайаланып, шындыққа жанаспайтын, жала таққан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазды. Аталған факті бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда, – делінген ІІМ ресми хабарламасында.