Алтын Орданың 750 жылдығына арналған конференция өтті
Алтын Орданың 750 жылдығына арналған конференция өтті
148
оқылды

Nur Otan партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалы Satbayev University-мен бірлесіп Алтын Орданың 750 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Аңызға айналған тарихи тақырып қазіргі жастарды сөзсіз қызықтырады. Өйткені ел тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін жастар өздерінің тарихи тамырына мән беріп қарай бастады. Ұлы дала жалпы әлемдік өркениетке өз үлесін қосты. Конференцияға қатысушылардың айтуынша, ұлы хандар ерлік пен мызғымас ерік-жігердің, батырлықтың, патриотизмнің үлгілерін көрсетті. Олар үшін бірінші орында елдің аумағы мен тұтастығы және халықтың әл-ауқаты болды. Алтын Орданың уақытын қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп  сипаттауға болады. Satbayev University аға оқытушысы Аманхан Кенжеханұлы студенттерге осы мерейтойдың маңыздылығын өте жақсы жеткізе білді. Сонымен қатар, Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Батырбеков баяндама жасады. Ғылыми-практикалық конференция соңында Алтын Орда тарихы туралы кинофильмдерден үзінділер көрсетілді. Студент жастар қызығушылық танытып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.