Батыстағы жастар «JASTAR – OTANGA!» бағдарламасын талқылады

Jas Otan Жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «JASTAR – OTANǴA!» бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асып келеді.

Jas Otan Жастар қанаты 2025 жылға дейін жоспарланған бағдарламаның негізгі мақсаты – жастар қанатының даму векторын айқындау, жастарды әлеуметтендіру үшін нақты тетіктер мен механизмдерді дайындау, жас спортшыларға, шығармашыл, ғылым-біліммен айналысатын жастарға жан-жақты қолдау көрсету және отбасы институтын нығайту және т.б.

Осы бағытта Jas Otan жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының БҚОФ жетекшісі, Орал қаласының «Мектептен тыс жұмыс орталығының» директоры Утебалиева Шаттықпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «JASTAR – OTANǴA!» бағдарламасын жас ұстаздар мен студент жастар арасында талқылады. Атап айтсақ, Жастар жұмыссыздығының көрсеткіштерін қысқарту, жастар бастамаларын қолдау бойынша гранттық қаржыландыруды ұлғайту және «Мобильді мұғалім» жобасын іске асыру сында мәселелер қаралды.

«Jas Otan» Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Жолдасқалиев Нұрғалидің айтуынша, аталған өңірдің жастары бағдарлама мен жол карталарды әзірлеу барысына белсенді қатысқан.

– Jas Otan 2025 жылға дейінгі «JASTAR – OTANǴA!» бағдарламасы жастардың ұсыныстары мен өтініштерін іске асыру бойынша таптырмас бағдарлама деп ойлаймын. Осыған дейін біз «JASTAR – OTANǴA!» бағдарламасына жастар арасынан ұсыныс-тілектерді жинасақ, бүгін жол картасына ұсыныстар жинап, толықтыру үшін бас қостық. Батыс Қазақстан облысында жастардың шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыруға, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жастар саясаты қарқынды жүзеге асырылуда. БҚО жастары бағдарламамен толықтай танысып шықты, – деп атап өтті Нұрғали.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушы жас ұстаз Асет Махамбетұлы: «Қазіргі таңда өздеріңізге белгілі карантин режиміне байланысты оқыту онлайн форматқа көшті. Осыған байланысты, жалпы білім беретін мектептерді кең жолақты интернет желісіне қосуды қамтамасыз етуді толықтай қолға алу керек», – деп атап өтті.

Бұдан басқа жастар тарапынан тұрғын үй, NEET санатындағы жастардың пайызын төмендету және волонтерлік қызметке тартылған жастардың үлесін көтеру мәселелері көтерілді.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.