Ауыл болашағына алаңдайтын жастар көп
Ауыл болашағына алаңдайтын жастар көп

Алматы облысы Ақсу ауданындағы партиялық резервтен үміткерлер ара­сында өткен пікірсайыста негізінен ауыл тірлігін жақ­сартудың жолдары, жер­гі­лікті жерлерді дамыту тұр­ғысындағы ойлар ортаға салынып, ұсыныстар біл­ді­рілді. Үміткерлер қатарына іріктеліп алынғаннан бергі кезеңде елді аралап, қара­пайым жұрттың мұң-мұқ­тажы мен ұсыныс-тілек­терін тыңдаған, тұрмы­сы­мен та­нысқандар кейбір күр­делі мәселелердің күр­ме­уін тар­қатуға қатысты жос­парла­рын да жайып салды.

Ел ішінде шешімін күткен проблемалар жетіп артылады. баршылық. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының бағыттары көбіне сөз Әсіресе, орталықтан алыста орналасқан елді мекен­дерді, елді елеңдететін түйткілдер жүзінде қалған. Шалғай ауыл­дарда интернет желісін тарту, көшелерді жарықтандыру, жол­дарды жөндеу мен ауызсумен қамтуға қатысты мәселелер жиі алдан шығады. Соған сай үміт­керлер арасындағы ашық пікір­таластың негізгі өзегі де алыс ауылдардағы тірлікті қайтсек түзетеміз деген тақырыпта бол­ды. Жоғарыда айтылғандардың көбі көтеріліп келе жатқанына жылдар өтсе де, шешімін тап­пағандықтан әлі күнге күн тәртібінен түспей келеді.

Партиялық резервтен үміт­кер Мұрат Орманов осы уақытқа дейін ауданның барлық ауылы мен елді мекенінде болып, ха­лық­тың ұсыныстарын жинақ­тапты. Сол тілектер ішіндегі ке­­зек күттірмей, тез арада ше­шу­ді қажет ететіндердің қатарында бай­ланыстың нашарлығы, ме­дициналық кадрлар тапшылығы мен ауылдық амбулаториялар­дың күрделі жөндеуді қажет ете­тіндігі сынды ауыл тұрғын­да­ры­ның тұрмысына тікелей әсер ете­тін түйткілдер бар. Мұрат өз бағ­дар­ламасына шалғай ауыл­дар­дағы мәдениет үйлерін күр­де­лі жөн­деуден өткізу мен олар­дың жұ­мы­сын бүгінгі күн тала­бы­на сай ұйымдастыруды да қосыпты.

– Кез келген қаржылық мә­се­лені шешу үшін тиісті орынға жөнелтілетін сұраныстың нақты жобасы, шығындары толық есеп­телсе, жергілікті билік өкіл­дері нақты қай бағытта жұмыс істейтінін білетін еді. Халықты көп толғандыратын мәселенің бірден шешілмейтіні, сол проб­лемалардың себебі мен сал­да­рының нақты анықталмауынан және реттеудің жолдары дұрыс қарастырылмағандықтан екені айдан анық. Өз жоспарымда ең әуелі мерзімділік пен тыңғылық­ты есептеулерге жүгінемін, – дейді Мұрат Орманов.

Тағы бір үміткер Сағадат Ермұхамбетова үкілі үміті жүзеге асып жатса, көпбалалы аналар­дың әлеуметтік тұрмысын жақ­сарту, олардың кәсіп көзін өз ауылдарынан тауып, бала-ша­ғасының нәпақасын айыра ала­тындай жағдайға жетуін қам­та­масыз етуді мақсат тұтып­ты. Са­­ғадат көпбалалы аналардың қол­дарынан келетін кәсіппен тұ­рақты айналысуына жол ашып, мемлекеттен қаржылай қолдау алуларына көмектескісі келеді.

Ал ауылдағы мәдениет сала­сы қызметкерлерінің жанай­қа­йын жақсы түсінетін Асхат Дос­мұ­хамбетов жастарды ауылда тұ­рақтандыру үшін оларды ең­бек­пен қамтып қана қоймай, әр ауылда мәдениет ошағының жұмыс жасауын жолға қою қажет деп санайды. «Жастардың – ру­хани тірегі, бас қосатын ор­та­лығы, кітапхана мен мәдениет үйі әр елді мекенге керек. Оның материалдық базасы, кадр мә­селесін шешіп, ауыл тұрғын­да­рына сапалы қызмет көрсететін рухани орталыққа айналуына барынша жағдай жасауымыз керек. Мәдениет – өмір бұлағы. Тәрбие басы тіл болса, рухани­лықтың түп тамыры – өнер мен мәдениет. Атқарушы биліктегі­лерге мәдениет саласы қызмет­кер­лерінің ауылды жерде тұрақ­тап, елге қызмет көрсетуіне қа­жетті барлақ жағдайды жасауға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында осы мәселеге ерекше көңіл бөл­ген еді. Партиялық кадрлық ірік­теуге үміткер ретінде қаты­сып отырмын, ертең сенімнен шығып жатсам, бірінші кезекте мәдениет саласында қордаланып қалған проблемаларды шешуге кірісер едім, – дейді аудандық мәдениет үйінің директоры, кадр­лық іріктеуге қатысушы үміт­кер Асхат Сейденұлы.

Басқа үміткерлер тарапынан да тұшымды ойлар, ұғынықты ұсыныстар айтылды. Жастардың жұмыссыздық мәселесі, оларға баспананың қажеттігі мен жас отбасының өмір көшінен қалыс­пауының жолдары талқыға са­лынды. Мемлекет ауыл жас­та­рына жасайтын қамқорлығын азайтпай, ауылда кәсіптің түрін көбейтуі қажет. Ол үшін берілетін несиелерді жеңілдету жағын және ауыл шаруашылығына бө­лінетін субсидиялардың барын­ша қолжетімділігін қарас­тыр­ға­ны жөн. Жастар да қарап отыр­­май, ізденісті істерін жалғас­тыр­ғанда ғана алтын бесік ауылдың да­муы­на өзіндік үлестерін қоса ала­ды. Пікірсайыс ұтымды ұсы­ныстар­мен, ұтқыр ой, жаңашыл жоба­ларға толы болды. Бастысы, үміт­керлер арасында ортақ ұм­ты­лыс – туған жеріне жана­шырлық, ауыл тұрғындарының тұр­мысын жақсартуға ұмтылыс­ты көріп, қатты қуандық. Ақсу ау­данында өткен партияның кадр­лық ре­зервіне үміткерлер ара­сындағы ашық пікірталас Жан­сүгіров ауылына 600 түп шырша көшетін отырғызумен аяқталды.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы