Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде сенім артқан адамдардың өзін, Отанын сатып кеткені туралы айтты.
"Біз жас мемлекет болғандықтан, алда белгісіздік болды, бізге ешкім мемлекетті қалай басқаруды үйретпеді, біз еш жерден тәжірибе алмадық, қалай әрекет ету керектігін және не істеу керектігін білмедік және қателіктер кеткен болуы мүмкін. Кадрлармен қамтамасыз етуде әрдайым қателіктер болады. Адамға жүз пайыз сенгеніңде, ол сенің арқаңа тас ататыны, өте жиіркенішті. Еш себепсіз, сен оған жақсылық жасадың, ал ол болса, қаралыққа толы жеккөрушілікпен жауап берді", - деп бөлісті Елбасы.Елбасы кімге ренжісе де, оны ұмытып кешіруге тырысып жүргенін айтады. Себебі, сатып кеткен адам жайбарақат өмір сүре алмай, іштей сатқындығына күйініп жүр деп есептейді.
Елбасының айтуынша, бұл халықтың ақшасы, адамдардың жинап келген депозиттері. Осы уақытқа дейін мемлекет бұл миллиардтаған қаражатты қайтаруға тырысып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=d011sBD6NJg&feature=emb_logo"Әбілязов сатқын емес пе? Мен оны жас кезінде энергетика министрі етіп тағайындадым, ол сол жерде тонаумен болды, ал мен оны көтермелеген едім. Содан кейін ол түрмеге отырды, хат үстіне хат жазды, оның достары, туыстары кешіріңіз, жіберіңіз деп хат жазды. Мен президенттік құқығымды пайдаланып, оған рақымшылық жасадым, ол түрмеде отыратын еді, мүмкін оның жаза мерзімі тағы да қосылар еді.
"Содан кейін ол қайта сұранды, оны банкке кері қайтарды, сонда ол не істеді? Ол 7,5 миллиард доллар аударып, ұрлады, ал бүгінде бұл ақшамен батыста 15 жыл бойы өмір сүріп келеді. Ол қандай қаражатқа өмір сүріп жатыр? Ол сол жақта жұмыс істемейді. Жалақы алмайды", - дейді Елбасы.