Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

120 медицина қызметкеріне сауапты іс жасалды

Барыс Нұрлан
Желтоқсан 2, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
медицина

© Сурет ғаламтордан

52
қаралым

Түркістан облысында көпбалалы және тұрмысы төмен 120 медицина қызметкеріне қайырымдылық жасалды. Облыстық денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің кәсіподағы аудан-қалалардағы ауруханаларға барып, медицина қызметкерлеріне  ең қажетті деген азық-түлік себеттерін  таратты.

«Densaulyq» медицина  қызметкерлерінің  жергілікті кәсіподағы  ұйымдастырған қайырымдылық шара Түркістан қаласында өтті.

Онда медициналық мекемелерде жұмыс істейтін көпбалалы және жалғызбасты аналар мен тұрмыс деңгейі төмен қызметкерлеріне ең қажетті деген азық-түліктер үлестірілді.

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Түркістанда кандидаттар бекітілді

«Мен жалғызбасты анамын, алимент алмаймын. Үкіметтен де көмек алмаймын. Тек жұмыстан айлық аламын. Ал ол айлықпен балаларымды асырау қиын маған. Үлкен қызым студент. Кәсіподаққа рахмет үлкен, бізге қолдау көрсетіп, мұның өзі бізге үлкен көмек. Мұны да аламайтын кезіміз болады кейде», – дейді жалғызбасты ана Мөлдір Сәрсенбаева.

Сондай-ақ, кәсіподақ қызметкерлері бұл күні Түркістан қаласындағы медицина колледжінің студенттеріне арнайы стипендия тағайындап, сертификаттарын табыстады.

Ендігі жерде оқуда озат және белсенді жастарға  бір жыл көлемінде стипендия аударып отыратын болады. Айта кетейік, медицина саласында еңбек етіп жүрген әрбір қызметкердің тұрмыстық жағдайына бей-жай қарамайтын ұйым ағымдағы жылы баспанасы өртенген және  өндірістік жарақат алған қызметкерлерге де материалдық көмек көрсетті. Ал, пандемия кезінде науқастарды емдеймін деп, өздері бақилық болған дәрігерлер мен медбикелердің, тазалық қызметкерлері мен жүргізушілердің отбасыларына 100 мың теңгеден материалдық көмек берді.

«Медицина ұйымдарындағы өзіміздің мүшелеріміздің көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының жағдайы туралы мәліметтер жинап арқылы оларға жыл сайын азық-түлік себеттерін таратып отырамыз. Одан бөлек, тқрмысы төмен отбасылардың балаларына мектеп формаларын тарату мақсатында  «Мектепке жол» акциясын да ұйымдастырып отырамыз»,- дейді  «Densaulyg» медицина  қызметкерлері  жергілікті кәсіподағының төрағасы Сәкен Катбаев. 

Еліміздегі карантиндік ахуалды ескере келе денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің кәсіподағы өңірдегі медицина қызметкерлеріне осылайша жан жақты қолдау көрсетіп келеді. Оларға тек азық-түлік таратып қана қоймай ақ халатты абзал жандардың шипажайларда демалып, денсаулықтарын жақсартуларына да көңіл бөлінуде.

Тельман БЕЙСЕНОВ

 
Тегтер: қайырымдылықмедицина қызметкерлерісауапты ісстипендияТүркістан
Алдыңғы жаңалық

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

Келесі жаңалық

Қазақстандық «Мұзбалақ» анимациялық фильмі екі бірдей фестивальде жеңімпаз атанды

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат»
Жаңалықтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 2021
ауа райы
Жаңалықтар

Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 2021
дзюдо
Жаңалықтар

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 23:49

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 23:18

Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 22:21

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Қаңтар 16, 21:19

Өскеменде ер адам зейнеткердің 2 млн теңгесін жымқырып кеткен

Қаңтар 16, 20:52

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 20:10

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 20:04
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

«Қайрат»

«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті

Қаңтар 16, 2021
Алматы

Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»