Бұрынғы президент коронавирустан қайтыс болды
Бұрынғы президент коронавирустан қайтыс болды
118
оқылды

Францияның бұрынғы президенті (1974-1981 жж.) Валери Жискар д’Эстэн 94 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы France-Presse агенттігі хабарлады. Экс-президенттің өліміне коронавирус себеп болған. Валери Жискар д’Эстэн 2 желтоқсанда Луара-эт-Шердегі үйінде қайтыс болды.

Франциядағы пандемия салдарынан жағдайдың ушығуына байланысты Валери Жискар д’Эстеннің өсиетіне сәйкес, оны жерлеу рәсіміне тек қана отбасыға ғана қатысады.