Тұрғындардың шағымынан соң санитар дәрігерлер тамақтану орнын тексерді.
Видеода тышқан самса, бәліштердің үстінде жүріп, жеп жатқаны көрсетілген.Осыдан кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Саяхаттағы» дүңгіршекті тексерді.«Жігіттер, «Саяхаттан» самса жемеңдер. Тышқан аралап жүр», – дейді видео авторы.
Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов: «Видеода көрсетілгендей тышқан жүрген «Донерная» дүңгіршегі Сүйінбай, 2 мекенжайындағы «Мерей» сауда орталығының аумағында орналасқан. Жұмысшылар киоск ішінде жабдықтарды қайта жөндеді. Дүңгіршек бүгінде жұмыс істемейді», – деп жауап берді.