Орталыққа жарты ғасыр

Орталыққа жарты ғасыр

Қорғаныс министрлігінің әске­ри-медициналық орталығы 50 жыл­дық мерейтойын атап өтті. Осыған байланысты мерекелік шара ұйымдастырылып, онда әс­кери медицинаның дамуына өл­шеусіз үлес қосқан мамандар мен орталықтың жетістіктері сөз болды.

Орталықта өз ісінің шебері, білікті әс­кери дәрігерлер мен ғалымдар жұмыс іс­тейді. Бүгінгі таңда бұл жерде 50 қыз­мет­­кер, 11 сарапшы, 9 оқытушы мен жоға­ры санатты 6 дәрігер қызмет етуде. Екі қызметкер медицина ғылымының кандидаты ғалым дәрежесін иеленсе, бір PhD дәрігер бар. Орталық Азияда теңдесі жоқ әскери медицина орталығының тарихы 1969 жылдың 1 қарашасында Ал­маты қаласында Ортаазиялық әскери округінің округтік сот-медициналық зер­тханасы құрылғанда басталды. Қа­зақ­стан тәуелсіздік алғаннан кейін оны Қорғаныс министрлігінің Орталық ме­ди­­циналық зертханасы деп аталды. Ал 2010 жылы мекеме өзінің қазіргі атауын алды. Мекеме әскери медицина са­ласында қосымша білім беруді қам­та­­масыз етеді, біліктілікті арттыру және курстық даярлау саласындағы ұйым­­дастыру және оқу-әдістемелік жұ­­­мыстарға жауап береді. Қарулы Күш­­тердің медициналық құрамына әскери-медициналық даярлық, сот-ме­дициналық, патологоанатомиялық, химиялық-токсикологиялық және гис­­тологиялық зерттеулер жүргізуде әдіс­­темелік және практикалық көмек көр­сетеді. 2011 жылдан бастап оның құра­мына Қарулы Күштер медицинасы құрамындағы интернатура қосылды. Бұдан басқа, орталық ІІД, Ұлттық ұлан және ҰҚК Шекара қызметінің әс­кери қызметшілеріне медициналық кө­мек көрсетуді үйретеді. Жыл са­йын нұсқаушы-оқытушы құрамы әс­ке­­ри-ме­дицина эстафета бойынша ха­лықа­ра­лық сайыстарға қатысу үшін Қарулы Күштердің құрамына кадр да­­­йындайды. 2019 жылы дәрігерлер құрамы ІІ орынға ие болды. Оқытушылар құрамы БҰҰ мис­сиясы үшін бітім­гер­­­шілік дайын­дау­ға қатысады. Меди­ци­налық қыз­мет подполковнигі А.Асыл­ха­нов жә­не Б.Халмуратов және аға сер­жант Ә.Ораз­ха­нов Ливанға ат­та­нар алдында бі­тім­гершілік ротасының әс­­кери-меди­­циналық дайындығына қа­тысты. Тә­­жірибе мен білімге қара­мастан, әс­ке­ри медицина орталығы әрдайым даму үстінде.


Әділ БЕК