Армениядан әкелінген 17 мыңға жуық көлік тіркеуге қойылды
Армениядан әкелінген 17 мыңға жуық көлік тіркеуге қойылды

Осы кезеңде әкімшілік полиция органдары 1 224 753 автокөлік құралын тіркеуге қойды.

Бұл өткен жылдың 11 айындағы көрсеткіштен 10,1 пайызға аз. 1 096 350 техниканың иесі ауысуына байланысты қайта тіркеуге алынып отыр. Бұл, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,7 пайызға (1 269 677) кем. Ал алғаш рет тіркелген көліктердің саны 128 403 техника болды. Былтырмен салыстырғанда 37,6 пайызға көп болды. Оның ішінде биыл алғаш рет тіркеуге алынған Армениядан жеткізілген 16 747 жеңіл көлік бар. 2020 жылдың қараша айының қорытындысында тіркеуге қойылған автокөліктердің саны 140 120 техника болды. Бұл да өткен жылғы нәтижеден 7,7 пайызға артық. Оның ішінде қайталама нарықта 125 844 көлік сатылды.

Былтырмен салыстырғанда қарашада тіркелген көліктер саны 9,3 пайызға кеміді. 2020 жылдың 11 айында Қазақстан аумағында электр энергиясымен жүретін 54 жеңіл көлік алғаш рет тіркеліп отыр. Өткен жылы мұндай 29 автомобиль тіркелген болатын.