Астанада аспаз 31 метр хот-дог пісіріп, әлемдік рекордты жаңартты
Астанада аспаз 31 метр хот-дог пісіріп, әлемдік рекордты жаңартты
233
оқылды

Аспаз Александр Плотников осылай әлемдік рекордты жаңартты.

Осыған сай аспазға арнайы сертификат табысталды. Аспаз алып асты дайындауға 5 күн кетті деді. Шамамен 22 келі ұн, 16 келі ет жұмсаған. Әрі барлығын қолдан әзірлегенін жеткізді. Қазақстан рекордтар кітабының өкілі, бұған дейін де ел ішінде алып хот-дог пісірілгенін айтты. Ол кезде оның ұзындығы 12 метр болыпты. Ал бұл жолы одан екі есе артығымен дайындалғандықтан, рекорд жаңартылып отыр.

Қазақстан гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов:  «Басқа елдерде де рекорд жасағандар болды. Ең ірісі қателеспесем 22 метр болған бұған дейін. Яғни биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмаса, мұны әлемдік рекорд деуге де болады», – деді.

https://youtu.be/nuYFvg0bIrE