Ержан, арманыңнан қалма!
Ержан, арманыңнан қалма!
24 қараша күні Польшаның Гливице қа­­ласында Junior Eurovision музыкалық бай­қа­уы өтеді. Музыкалық сайысқа Қазақ­стан аты­нан Ержан Максим қатысады. Ер­жан бай­қау­да «Арманыңнан қалма» әнін орын­дайды.

Елордада «Хабар» агенттігі басшылығының, Ер­жан Максим және оның анасы Гүлмира Әлібектің қа­­­ты­суы­мен алдағы байқауға арналған баспасөз оты­ры­сы өтті.

«Биыл жарысқа 19 ел қатысады, олардың қатарында Албания, Армения, Австралия, Беларусь, Франция, Гру­зия, Ирландия, Испания, Италия, Қазақстан, Маль­та, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ре­сей, Сербия, Нидерланды, Украина бар. Ержан Мак­сим еліміздің намысын лайықты дәрежеде қор­ғайтынына сеніміміз мол, сондай-ақ төрткіл дүниеге Қа­зақстанда талантты жастардың өсіп келе жатқанын дә­лелдейтініне күмәніміз жоқ», – деді «Хабар» агент­тігі­н­ің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин баспасөз отырысында.

17 қараша күні қазақстандық делегация жас әнші­мен бірге Польшаны бетке алды. Гливицеде Ержан Мак­симді репетициямен бірге көптеген іс-шара, оның ішін­де баспасөз отырысы мен қатысушылармен танысу кү­тіп тұр.

18 қарашада байқау салтанатты түрде ашылды. Байқаудың финалы 24 қарашаға жоспарланған.

Ереже бойынша жеңімпазды телекөрерменнің дауыс беру нәтижесі, құрамына үшеуі ересек және екеуі ба­лалардан құралған 5 адам мен байқауға қатысушы ел­дердің төрешілері анықтайды.

Қазақстандықтар тек қана Ержанға емес, сонымен қа­тар өздеріне ұнаған өзге елдің қатысушыларына да дауыс беру мүмкіндігіне ие. Көрермен 23-24 қараша күн­дері junioreurovision.tv сайтында дауыс бере алады. Дауыс­ты байқаудың финалына дейін қабылдайды. Фи­нал күні онлайн дауыс беруге тағы 15 минут бөледі. «Ха­бар» телеарнасы халықаралық конкурсты тікелей эфир­де көрсетеді.

Аталған байқауда 2018 жылы ел намысын Данелия Тө­лешова қорғады. Ақтық сында 171 ұпаймен 6-орынға ие болды. Junior Eurovision байқауында ең көп жетіс­тік­ке жеткен – Грузия (3). Конкурс тарихында ең көп дауыс жинаған грузиялық Мариам Мамадашвили – 239 балл. Ресей мен Мальтадан келген қатысушылар 2 рет­тен жеңімпаз атанған. Мүмкін, Ержан Максим Junior Eu­rovision-ді ұтқан алғашқы қазақстандық атанар? Сәт­тілік серік болсын деп тілейік!

 

 

Айбике ЖАНАСЫЛ