Жалдамалы пәтер алып беремін деп елді алдаған алаяқ ұсталды
Жалдамалы пәтер алып беремін деп елді алдаған алаяқ ұсталды
112
оқылды

Бұл туралы рolisia.kz хабарлады.

Жедел іздестіру нәтижесінде, бұған дейін алаяқтығы үшін істі болған 38 жастағы астана тұрғыны қолға түсті. Қазіргі уақытта аталған азаматтың үстінен жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықтың 2 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдіктінің зардап шегушілерге «Жалға берілетін пәтер» бағдарламасы аясында баспаналы болуға уәде бергені және сол көмегі үшін ақша алғаны анықталды. Зардап шегушілер оның сөзіне сеніп, 205 мың теңге берген.

«Осыдан кейін күдікті таныстарымен байланысқа шықпай қойған. Үш айдан кейін алданғанын түсінген зардап шегушілер полицияға шағымданған. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді полицейлер.