ТАСС-тың хабарлауынша, Мәскеуде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ауруханадан өрт шықты.
Ресейдің ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт салдарынан екі адам көз жұмып, 30-ға жуық адам эвакуацияланды. Негізінен құрылыс заттары мен тұрмыстық техника өртенген.«Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 27 адам қауіпсіз жерге көшірілді» делінген ресми мәліметте.