«Әлем аруында» Kórіktі Qazaqstan көрсетіледі
«Әлем аруында» Kórіktі Qazaqstan көрсетіледі

14 желтоқсан күні Ұлыбритания астанасында ха­лы­қа­ралық «Әлем аруы» байқауы өтеді. Әлемнің сұлу қыздары бағын сынайтын байқауда біздің елдің намысын биыл ғана Қазақстан аруы атанған Мәдина Батық қорғайды. Мәдина «Әлем аруында» Kórіktі Qazaqstan жобасын таныстырады. Туризм саласының маманы Мәдина «Әлем аруы» бай­қауы­ның алаңы арқылы туған елдің танымалдығын арттыруды көз­деп отыр. Себебі «Әлем аруын» сол күні 200 елден 2,8 миллиардтан астам адам тамашалайды. Күні кеше Бура­бай курорт аймағына бұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйым­дастырылған баспасөз турында Kórіktі Qazaqstan бейнеролигі таныстырылды.

Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің тапсырысымен Kazakh Tourism ұлттық ком­па­ниясы ұйымдастырған бас­па­сөз турында қатысушылар Бө­лектауға шығып, осы өңір­дің туристік мүмкіндігімен та­нысты. Еліміздің тұмса та­­биғатының сұлулығын, та­ри­хын, халқымыздың қонақ­жай­лығы мен ұлттық дәмінен сыр шер­тетін Kórіktі Qazaqstan бей­­неролигінен бөлек, 5 се­рия­­лы бейнебаян да БАҚ өкіл­­­дері назарына ұсынылды. Дәл осы көпсериялы бей­не­баян республикалық телеар­налардың бірінде көрсетіліп, ішкі туризмді насихаттауда зор үлес қосады деген үміт бар. Ал 3 минуттық бейнероликті «Әлем аруы» байқауында Мәди­на та­ныстырады.

Kórіktі Qazaqstan бейне­ро­ли­гі­нің бас кейіпкері Мәдина Ба­тық – биыл Қазақстан аруы атан­ған, туризм саласының бо­лашақ маманы. Оның ай­туын­ша, елімізге туристерді көп­теп тарту үшін, ең алдымен әр қазақстандық сырға то­лы Қазақстанын танып, біл­ге­ні жөн. Сондықтан да ол туризм­ді насихаттайтын фи­льм түсірілетінін естігенде қат­ты қуанған. Ол Қазақстан аруы ретінде қазақ еліне сая­­хат жасап, Маңғышлақ тү­бе­гіндегі қиял-ғажайыпқа то­лы Бозжыра шатқалы, Іле Ала­тауы бөктеріндегі әлемге әй­гілі Шымбұлақ тау-шаңғы ку­рорты, әйгілі Шарын шат­қа­лы, Қайыңды көлі мен орта­ға­сырлық сәулет өнерінің жауһары – Сауран қаласы, «Ас­сы» үстіртіндегі әлемге әйгілі обсерватория, Түркістан қа­ла­­сындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, құпияға толы Ақ­ме­шіт үңгірі, тыныштықтың шек­сіз көрінісі – Каспий теңізі, сон­дай-ақ ультразаманауи шаһар, ел астанасы Нұр-Сұлтан қа­­ласын аралап шықты.


...Көпсериялы бей­не­баян республикалық телеар­налардың бірінде көрсетіліп, ішкі туризмді насихаттауда зор үлес қосады деген үміт бар. Ал 3 минуттық бейнероликті «Әлем аруы» байқауында Мәди­на та­ныстырады.

                     

 Түсірілімнің экстремалды режимде өткен, өмірге қауіп төн­дірген де сәттері болып­ты. Мәселен, Бутаковка шатқалын­да Мәдина үстіне салмағы 20 келі тартатын киіммен атқа мініп тау беткейіне көтерілген. Сон­дай-ақ рафтиншілер к­о­мандасымен бірге Түрген өзе­ні­нің қатты ағысына төтеп беруіне тура келген. Ол қысқа­мер­зімді түсірілім кезінде ту­ған өлкесі туралы мыңдаған кі­тап пен нұсқаулықтарда оқи алмайтын тың және қызықты мәліметтерге қаныққан.


«Қазақстан аумағында әлем­­нің барлық кереметтері о­р­наласқан ба дерсіз. Таби­ға­тымыз сонысымен ерекшелене­ді. Әлемнің басқа жерлерінен әдемі көріністерді іздеумен бірге туған елдің жауһарларына да назар аударуымыз керек дер едім. Сонда таңғажайып қа­зынаға тап боласыз. Мысалы, Түркістанға табаным тиген сәт­те мәңгілікке ұштасқан та­ри­хымызға күмп бергендей бол­дым. Көз алдыма Жібек жо­­лымен күн сайын қытай мен парсының, Византияның фар­­форы, матаның неше тү­рі, асыл тастар мен басқа да тауар тиелген керуендер кел­­ді. Осынау керемет жер ме­ні таңғалдырды. Біздің елі­­міз ұлы ерлік жасаған сақ пат­­шаларының, айбынды хан­­дарымыз, билеріміз бен ба­­тыр­ларымыздың ізі мен ұлы ісі қалған қасиетті жер», – дейді Мәдина ағынан жары­лып.

Kórіktі Qazaqstan фильмінің мақсаты – «Әлем аруының» кең аудиториясы арқылы еліміздің ішкі және сыртқы туризмінің мүмкіндігін көрсету, ал қазақ жастарына Ұлы даланың ұлттық дәстүрін, мәдени мұрасын та­нып, құрметтеуге, сақтауға тәр­­биелеу.

YouTube желісіне са­лын­ға­лы бері өткен екі күннің ішінде Kórіktі Qazaqstan ролигін 33 мыңнан астам адам көрді. Әлем­нің түкпір-түкпірінен 300-ге тарта адам жылы пікір қал­дырып үлгерді.


Халима БҰҚАРҚЫЗЫ