Жексенбіде қоғамдық көлік жүрмейді
Жексенбіде қоғамдық көлік жүрмейді
113
оқылды
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

«Дүйсенбі, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Барлық өзгерістер туралы ресми парақшамыздан біле аласыз. Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», – деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.